1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Кеншілер мәдениет сарайының ұйымдастыруымен «Парад колясок» қалалық байқауы өтті. Қазылар алқасының шешімімен 1 орын иегері - 2 айлық Манарбек Дарын, 2 орын иегері - 1 жастағы Айтбай Құралай, 3 орын иегері - 9 айлық Строев Мирон атанды. Қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары, жеңімпаздарға диплом және ақшалай сыйлықтар табысталды.
Аталмыш мерекеде үлгілі «Жұлдыз» би ансамблі, «Унисон» вокал студиясы, «Очаровашки» балалар заманауи би студиясы өнер көрсетті.