«МЕРЕЙ» спорттық бал билері ансамблі

«Мерей» спорттық бал билері ансамблі 2006 жылы құрылды. Ансамбльдің құрамында жас ерекшелігі 3 жастан басталған 42 адам бар. Ансамбльге қатысатындардың барлығы белсенді, шығармашылық жағынан озық, мақсатқа жетуге құштар деген мінездеме беруге болады. Ұжым жетекшісі Строкова Ирина Леонидовна.

Вокалды-аспаптық ансамблі

Кеншілер мәдениет сарайы жанында түрлі музыка жанрлары бағытындағы вокалды-аспаптық ансамбль жұмыс істейді. Ансамбльдің құрамында «Teqila Sunrise», «Домер Нома», «Pride», «Вредная привычка» түрлі бағыттағы топтар бар. Ансамбльдің құрамын 30 дан астам жастар мен жасөспірімдер құрайды. Ұжым жетекшісі Роголев Валерий Станиславович.

«Ізбасар» көркемсөз оқу үйірмесі

«Ізбасар» көркемсөз оқу үйірмесі 2017 жылдың қаңтар айында Кеншілер мәдениет сарайы жанынан құрылды. Үйірменің негізгі жұмысы 10-25 жас аралығындағы жас жеткіншектерді өнерге баулу, сондай-ақ, олардың өлең мен қара сөз оқуға деген ынтасын арттыру. Үйірме қатысушылары Кеншілер сарайында өтетін мәдени шараларға белсене қатысады. Үйірмеде 16 қатысушы бар. Жетекшісі Қызданова Әйгерім Қуантайқызы.

{gallery}izbasar{/gallery}

«Көзкөргендер» ардагерлер ансамблі

«Көзкөргендер» ардагерлер ансамблі 2011 жылы Кеншілер мәдениет сарайы жанынан құрылды. Ағабуын өкілдеріміздің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ашылған ұжымда бүгінгі күні 33 қатысушы бар. Олардың қатары еңбек ардагерлері, құрметті демалыстағы зейнеткерлермен толыққан. Ұжымның репертуарында қазақтың халық әндері мен патриоттық рухтағы әндер, сондай-ақ, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың әндері ұжымның ән қоржынында жинақталған. Ұжым жетекшісі Сатаева Дана Балтабековна, концертмейстері Төлжұма Арыстанбеков.

{gallery}kozkorkender{/gallery}

«ПОЮЩИЕ СЕРДЦА» ардагерлер вокал тобы

«Поющие сердца» ардагерлер вокал тобы 1982 жылы құрылған. Отыз бес жыл уақыт аралығында ансамбль қала облыс көлемінде жетістіктерге жетті. Қалалық, облыстық, рсепубликалық деңгейде өтететін шараларға белесене қатысады. Ұжымда 17 адам бар. Ұжым жетекшісі Бондаренко Лидия Васильевна.

«ДО МИ СОЛЬ» балалар вокал тобы

«До ми соль» балалар вокал тобы 2017 жылы Кеншілер мәдениет сарайы жанында құрлды. Балалардың эстетикалық ой-өрісі мен вокалдық мүкіндіктерін дамыту мен сахна мәдениетіне баулуды мақсат еткен ұжымда 5-7 және 8-14 жас аралығында 18 бала ән үйреніп келеді. Ұжым жетекшісі Сатаева Дана Балтабековна.

«ЖҰЛДЫЗ» хореографиялық ансамблі

«Жұлдыз» би ансамблі 2013 жылы Кеншілер мәдениет сарайы жанынан құрылды. Осы уақыт аралығында ансамбль облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі өткен байқауларда өнер көрсетіп, жүлделі орындардан көрініп келеді. Ұжым жетекшісі Савельева Татьяна Владимировна.

Халықтық композиторлар клубы

Қарағанды облысының әуесқой композиторлар клубы 1975 жылдың 5-қазанында Тәттімбет атындағы Қарағанды музыка училищесінің ұстазы Бульин Лев Николевичтың бастамасымен құрылған. 1990 жылы клубқа «халықтық» атағы берілді. 2004 жылдан бері клубқа ҚР Мәдениет қайраткері , Қазақстанның композиторлар одағының мүшесі, республикалық және халықаралық авторлық әндер байқауының Лауреаты Мельникова Людмила Евгеньевна жетекшілік етеді. 2015жылы композиторлар клубы 40 жылдық мерейтойын атап өтті.

«МАРИАННА» халықтық авторлық әндер клубы

«Марианна» авторлық әндер клубы 1984 жылы құрылды. 34 жылдық тарихы бар клуб біршама авторлар, композиторлар мен орындаушыларды тәрбиелеп шығарды. 2009 жылы клубқа «халықтық» атауы берілді. Клубта жас ерекшелігі әр қилы, әр түрлі ұлт өкілдері мен түрлі мамандық иелері бар. Олар әрдайым шығармашылық ізденісте және вокалдық өнер жағынан біліктіліктерін арттырып келеді. Осы уақыт аралығында клуб өнерпаздары республикалық байқаулар мен фестивальдерде үздік өнер көрсетіп жүр. Ұжым жетекшісі Пынка Ольга Викторовна.

Шахтер халықтық ансамблі

Халықтық шахтер би ансамблі 1962 жылы құрылды. 1965 жылы 9 маусымда ансамбль үлкен сахнада алғаш өнер көрсетті. Содан бері ұжым халықтың ықыласына бөленіп келеді. Шығармашылық жетістігі үшін дипломдармен, грамоталармен сондай-ақ ҚазССР Жоғарғы кенесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 1972 жылы ұжымға «халықтық» мәртебесі берілді. Ұжым жетекшісі Пашина Елена Алексеевна.

«АЛТЫН БАТЫР» степ тобы

«Алтын батыр» степ тобы Қазақстандағы ирландық степ орындаушылардың алғашқы би ұжымы. Ұжым Қарағанды қаласында 1999 жылы құрылды. Бүгінгі күні ұжымдағы өнерпаздар Қазақстанның абыройын халықаралық би аренасында көтеру мақсатында тынбай еңбектенуде. Ұжым жетекшісі Карынбаева Мадина Болатовна.

«ОЧАРОВАШКИ» би студиясы

«Очаровашки» би студиясы 2013 жылы құрылды. Студия өнерпаздары қалалық, облыстық іс-шараларға белсене қатысады. Сонымен қатар байқаулар мен фестивальдерде жүлделі орындар иеленіп жүр. Ұжым жетекшісі Галкантене Людмила Владимировна.

«СЫРШЫРАЙ» сурет және бейнелеу студиясы

«Сыршырай» сурет және бейнелеу студиясы 2011 жылдың қазан айында Кеншілер мәдениет сарайының бастамасымен құрылған. Студия 7-25 жас аралығындағы балалар мен жас жеткіншектерге арналған. Студия келушілерді сурет салудың негізгі бағыттарына, кескіндеме, қолданбалы-декаративті өнердің қыры мен сырына баулиды. Үйірмеге сурет салуға икемі бар, композицияны еркін түсінетін жастар қатысады. Үйірмеге қатысушылар жаз айларында асфальтқа сурет салу, мәдениет және демалыс саябағында сурет салумен шұғылданады. Сонымен бірге облыстық бейнелеу өнері мұражайымен бірлесіп сурет көрмесін ұйымдастырып отырады. Үйірмеде 12 бала бар. Жетекшісі: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Көркем Академиясының Академигі Қалқабаев Мұрат Абдраманұлы.

«ЗЕРЕК» спорттық би клубы.

«Зерек» спорттық би клубы 2009 жылы құрылған. Бүгінгі таңда жас ерекшелігі әр түрлі балалар мен жасөспірімдерді спорттық бидің қыр-сырына баулып келеді. Қазақстанның және шет елдерде өтетін бәсекеде жетістіктерге қол жеткізуде. Ұжым жетекшісі Мусина Инкара Бахытовна.

«Шабыт» эстрадалық ән орындаушылар үйірмесі

«Шабыт» эстрадалық ән орындау үйірмесі 2016 жылы Кеншілер мәдениет сарайының бастамасымен құрылды. Үйірмеде ән айтуға ниет білдірген 10 жастан жоғары жастар қатысады. Үйірмеде 18 өнерпаз бар. Құрылғанына көп уақыт болмаса да үйірме өнерпаздары облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі байқауларда бақ сынап, жақыс нәтиже көрсетіп келеді.
Ұжым жетекшісі: Ерболат Маханбет. .

{gallery}shabyt{/gallery}

«АНТРЕПРИЗА» театр-студиясы

«Антреприза» театр-студиясы 1998 жылы қаламыздағы техникалық лицейдің жанынан құрылған. Бастапқыдағы атауы «Этюд» болып, 2004 жылы «Антреприза» театр-студиясы болып өзгертілді. Қалалық театр және өнер бағытындағы байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленіп келеді. 2013 жылдан бері Кеншілер мәдениет сарайы жанындағы үлгілі ұжымдардың қатарынан орын алуда. Студия осы уақыт аралығында орыстың,әлем әдебиетіндегі ұлы жазушылардың шығармаларын сахналап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді.

«МАСТЕР ДАНС» спорттық бал билері клубы

«Мастер Данс» спорттық бал билері клубы Кеншілер мәдениет сарайы жанынан 2016 жылы құрылды. Ұжым 5 жастан бастап балаларды қабылдайды. Жетекшісі Макаров Алексей Николаевич.

«SALSA CLUB» би студиясы

«Salsa Club» би студиясы 2012 жылы құрылған. Ұжымда 60 адам бар. педагог-хореографтар жұмыс істейді. Сонымен қатар шеберлік сағаттарын өткізіп, тәжірибелерін шыңдап отырады. Ұжым жетекшісі Вишнякова Алена Сергеевна.

«IRBIS» dance studio

«IRBIS» би студиясы жас ұжымдардың бірі. Бүгінде ирландық степ бағыты бойынша жұмыс істейді. Жетекшісі Рысбекова Дариға Бауыржановна.

«ОПТИМИСТ» ардагерлер клубы

«Оптимист» ардагерлер клубы Кеншілер мәдениет сарайында егде жастағы жандардың уақыттарын тиімді пайдалану негізінде он жылдан астам уақыт бұрын ашылған. Ардагерлер клубы әр айдың бірінші және үшінші жексенбісінде Кеншілер мәдениет сарайында бас қосады. Ардагерлердің арасында тыл еңбеккерлері, білім беру, медицина, экономика, құрылыс саласында қызмет істеген еңбек ардагерлері бар. Оларға «Қарт кісілерге арналған ас мәзірі», «Белсенді өмір сүру», «Спорт – денсаулық кепілі», «Денсаулық – зор байлық», «Артық салмақтан арылу», «Қазақстанның көрікті жерлері тақырыбында баяндамалар мен тренингтер ұйымдастырылып отырады. Сонымен қатар клуб мүшелері ретро стильдегі әуендерге билеп көңілдерін көтереді. Клубта 60 адам бар. Клуб жетекшісі Морозова Раиса Николаевна және Бондаренко Лидия Васильевна.

Этно-мәдени орталықтар:

«КАЗАЧЬЯ ВОЛЬНИЦА» халықтық ән және би ансамблі «Казачья вольница» ән және би ансамблі 2007 жылы құрылды. Облыстық, республикалық байқаулар мен фестивальдердің бірнеше дүркін жүлдегерлері. Жетекшісі Сим Татьяна Николаевна.

«ВАЙНАХ» ансамблі Шешен-ингуш этно мәдени бірлестігінің «Вайнах» би ансамблі 1995 жылы құрылды. Осы уақыт араллығында түрлі байқаулар мен фестивальдерде бақ сынап, жүлделі орындардан көрінуде. Сонымен қатар мемлекеттік маңызы бар мерекелік шараларда ансамбль үздік өнер көрсетіп келеді. Ұжым жетекшілері:Магомадов Юнус и Джанаева Раяна.