20-мамыр күні Кеншілер мәдениет сарайында «Казачья вольница» халықтық ән-би ансамблінің Астана қаласының 20 жылдығына арналған есеп беру концерті өтті.

Концертте шығармашылық ұжымның орындауында халықтық әндермен қатар көтеріңкі, ырғақты әндер орындалды. Астананы әнге қосқан шығармалары да сәтті орындалып, көрерменнің көңілінен шықты.