Биыл халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, қазақтың даңқты перзенттерінің бірі Қасым Қайсеновтің туғанына 100 жыл.

Осыған орай Кеншілер мәениет сарайы жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу мен халық қаһармандарын насихаттау мақсатында «Қаһарман Қасым» атты шара ұйымдастырды. Шараға мектеп оқушылары мен студент жастар қатысты. Шарада батыр Қасымның өмірі мен жүріп өткен жолы сондай-ақ оның қайсарлық, ерлік қасиеттерін айқындайтын видеоматериалдар көрермен назарына ұсынылды.