22-мамыр күні Кеншілер мәдениет сарайында сарай жанындағы «Шабыт», «ДоМиСоль» вокалдық ән орындау үйірмелері мен «халықтық» мәртебесін иеленгеніне биыл 45 жыл толған халықтық шахтер би ансамблі Астана қаласының 20 жылдығына арналған есеп беру концертін берді.

Олардың орындауында патриоттық рухтағы шығармалар шырқалып, жаңа би қойылымдары сахналанды.  Концертте ұжым өнерпаздары жыл бойы жұмсалған еңбектің нәтижесін көрсетті.