Алматы қаласында өткен «Өнерлі елдің – өресі»  атты ата-апалар арасында республикалық ІІ өнер байқауы өтті.  Байқауға  республикамыздың тоғыз облысы мен екі қаласынан он хор ұжымы мен отызға жуық жеке дауыста ән айтатын өнерпаз бақ сынады. 

 

Кеншілер мәдениет сарайы жанынан құрылған «Көзкөргендер» ардагерлер ансамблі де байқауға қатысып, Қарағанды облысының абыройын асқақтатып, жүлдемен оралды. Ансамбль хормен ән салу жанры  бойынша байқаудың Бас жүлдесін жеңіп алды.  Сондай-ақ, жеке дауыста ән салу жанры бойынша ардагерлер хоры ұжымының өнерпаздары Хамит Көрікпаев пен Сандуғаш Кулмакова Бас жүлдеге ие болды. Ал, Ермек Карибаев, Болат Сәдуақасов және Дәметкен Қыдырғожина жүлделі бірінші орынды иеленсе, екінші орын Мэлс Түсіповаға берілді. 

 

Өнерпаздарға әділ бағасын берген қазылар алқасының құрамында ҚР еңбек сіңірген әртісі С. Нұрмағанбетова, «Құлан сазы» ансамблінің әншісі, дәстүрлі орындаушы Г. Такежанова және «Сазген сазы» ансамблінің әншісі Б.Нұрымхожина, қазақ радиосының журналисі Гүлмира Нәлібай болды.

 

Байқауға қатысқан өнерпаздардың саны екі жүзге жуық адамды құрады.