2018 жылдың қыркүйек айының 20-21 күндері   Кеншілер мәдениет сарайында «Жұлдыз-2018»  эстрадалық әндер орындаушыларының республикалық байқауы  өтті. Айта кету керек, конкурс биыл  сегізінші мәрте  ұйымдастырылып отыр.

 

Аталған конкурстың мақсаты: талантты жастарды табу, оларды шығармашылыққа, орындаушылық өнерге баулу, эстетикалық талғамын қалыптастыру, жастардың бос уақытын түрлендіру және көзқарасын кеңейту.

 

Конкурстың ұйымдастырушылары: Қарағанды облысы әкімінің қолдауымен Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Кеншілер мәдениет сарайы.

 

Конкурсқа  Ақмола, Түркістан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау,  Жамбыл,  Шығыс Қазақстан, Алматы  облыстарынан  және Астана, Алматы қалаларынан 18 өнерпаз сынға түсті.

 

Қазылар алқасының шешімімен астаналық Дәстүр Асылхан, қарағандылық Анар Тажентаева және алматылық  Айлина Лепесова дипломант атанды. Жүлделі үшінші орынды Атырау облысының үміткері Мержан Қабдолов пен Шығыс Қазақстан облысының өнерпазы Жанерке Қабатаева иеленді. Жүлделі екінші орынды Түркістан облысынан келген Ерік Төленов иеленсе, бірінші орынды алматылық Қарлығаш Биғазықызы қанжығасына байлады. Ал, байқаудың Бас жүлдесі Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғаған Адильхан Макинге табысталды. Байқаудың көрермендер көзайымы аталымы павлодарлық Наталья Процкаяға берілді. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан өнерпаздар ұйымдастыру комитетінің атынан қаржылай сыяпатқа ие болды.

 

  Қазылар алқасының төрағасы:                         

  1. Төлешова Люция – ҚР еңбек сіңірген әртісі, Т.Жүргенов атындағы өнер Академиясының профессоры (Алматы қ.)

 

 Қазылар алқасының мүшелері:

 

  1. Майғазиев Сәкен – ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. (Алматы қ)
  2. Жүкіпбаева Гүлмира – «Шабыт» халықаралық фестивалінің лауреаты, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жетекші солисі (Қарағанды қ.)
  3. Әбдіғали Саят – әнші, сазгер, «Жұлдыз» республикалық эстрадалық әндер орындаушылары конкурсының авторы (Қарағанды қ.)
  4. Тәжібаев Ербол – «Қазақстан дауысы» вокалды-телевизиялық шоуының грандфиналисі, Батырхан Шүкенов атындағы «Отан ана» республикалық байқауының және «Жұлдыз-2016» эстрадалық әндер орындаушылары бақауының Бас жүлде иегері (Астана қ).