Кеншілер мәдениет сарайында әнші, композитор Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қорабай Есеновтің 70 жылдық мерейтойына арналған  «Мәңгі шырақ» атты шығармашылық кеші өтті.

 

Кештің ашылу салтанатында Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов құттықтау лебізін білдіріп, әншінің иығына шапан жапты.

 

Ән кешіне әнші, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ғ. Мұхамедин, ҚР еңбек сіңірген әртісі С. Оспанов, күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Ж. Жүзбай, композитор Ж. Әлімханов және әнші-композитордың  ізбасар шәкірттері С. Аяған мен С. Әлімханов өнер көрсетті.

 

Есеновтің  орындауында «Жас қалам», «Қоштасу», «Сурет сыры»  «Нені ойладың», «Мәңгі шырақ»,  «Әке жыры» әндері ерекше сезіммен орындалды. Көрермен ән кешінен рухани ляззат алып, әдемі көңіл-күймен тарқасты.