25 қазан

 

 

Кеншілер мәдениет сарайында композитор, Қазақстанның халық әртісі Әсет Бейсеуовтің туғанына 80 жыл толуына арналған «Әсеттің әсем әндері» атты музыкалық кеш өтті. 

 

Кеште даңқты композитордың  махаббат пен іңкәрлікке толы  әндерін Кеншілер мәдениет сарайы жанындағы «Шабыт» вокал үйірмесінің өнерпаздары, «Көзкөргендер» ардагерлер ансамблінің хоры, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты Е. Ұзақбаев орындап берді. Сондай-ақ, композитордың өмір жолы мен шығармашылы   жайында видеофильм көпшілік назарына ұсынылды.