29-қазан Кеншілер мәдениет сарайында сарай жанындағы халықтық композиторлар клубының композиторы Сәрсенбек Жүнісовтің шығармашылығын насихаттауға арналған «Бір нәзік сезім» атты еске алу кеші өтті.

 

Кешке композитордың отбасы, жақын туыстары, әріптес, сыйлас болған жандар қатысып, марқұмның жасаған игі қасиеттері мен шығармашығы турасында әңгіме қозғады.  Сонымен қатар композитордың шығармаларын қаламыздағы білім беру мекемелерінің оқушылары мен студенттері нақышына келтіре орындап берді.