8 қыркүйекте Кеншілер мәдениет сарайында Ашық есік күні өтті. Қала тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткен аталмыш шарада көркемөнерпаздар ұжымдарына жазылу жүрді. Сонымен қатар, көркемөнерпаздар ұжымдарының концерті өтті. Шарада үлгілі «Жұлдыз» «Трикси» хореографиялық ансамбльдері, халықтық «Шахтёрский» би ансамблі, «Мерей» спорттық бал би, халықық «Казачья вольница» ән және би ансамбльдері, «Шабыт» эстрадалық ән орындаушылар, «Арқа әуені» дәстүрлі ән үйрету үйірмесі, «Ирбис» би студиялары, «Очаровашки» заманауи балалар би ұжымы, «Ақжелең» домбыра ансамблі, халықтық «Марианна» авторлық (бардтық) әндер, Қарағанды облысының халықтық композиторлар клубтары мен «Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігі өнер көрсетті.