2024 жылдың 22 қыркүйек күні Кеншілер мәдениет сарайының ұйымдастыруымен орталық саябақта еңбек күніне арналған “Еңбек - түбі береке” атты мерекелік концерт өтті.

Концертте үлгілі “Жұлдыз” хореографиялық би ансамблі, “Арқа әуені” дәстүрлі ән үйрету үйірмесі, “Очаровашки” балалар замануи би студиясы, Вокалды аспаптық ансамбльінің қатысушысы Ирина Воробьева мен Валерий Роголев ән шырқады және «Шабыт» эстрадалық ән орындаушылар студиясы мен үлгілі “Трикси” хореографиялық ансамблі өнерлерін ортаға салды.