2024 жылдың 24 қыркүйек күні Қарағанды Кеншілер мәдениет сарайында ақын, композитор Құтжанов Төребектің “Көңіл сырлары” атты ән кеші өтті.
Кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қанат-Айгүл Құдайбергеновтер, Дәуренбек Әркенов ақынның шығармашылығынан ән орындады. Сонымен қатар, Арайлым Жүкенова, Медеу Шилманов, Айнұр Сұлтанова, Дулат Аханов, Ержан Базарбеков, Айдана Рымтаева, Айнұр Каженова, ”Балқантау” және “Баян сұлу”топтары ән шырқап, халықтың ыстық ықыласына бөленді.