25 қыркүйекте Кеншілер мәдениет сарайының ұйымдастыруымен әнші Игілік Омаровтың 90 жылдығына арналған облыстық «Ақкем салған Ақерке» атты дәстүрлі ән орындаушылар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – Игілік Омаровтың шығармашылығын насихаттау мен дәстүрлі ән өнерін дамыту, дәстүрлі ән орындаушылардың музыкалық сауаттылығын, орындаушылық мәдениеті мен кәсіби шеберлігін арттыру. Байқауға 10-15 және 16-35 екі жас санаты аралығында Қарағанды, Балхаш, Шет, Ақтоғай, Бұхар жырау және Қарқаралы аудандарының үміткерлері қатысты. Қазылар алқасы құрамы: Қазылар алқасының төрағасы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің «Дәстүрлі ән» бөлімінің ұстазы Кемалов Жақсыкелді Кемалұлы, Әнші, «Құрмет» орденінің кавалері, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің басшысының орынбасары Сержан Мұсайын Таранұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің әншісі Әркенов Дәуренбек Мақсұтбекұлы. Қазылар алқасының шешімімен келесі үміткерлер жүлделі орындарға ие болды: Әнші Игілік Омаровтың 90 жылдығына арналған облыстық «Ақкем салған Ақерке» атты дәстүрлі ән орындаушылар байқауының «Игілік Омаров» атындағы арнайы жүлде иегері: Рысбай Ахмет, Нұрғазы Нұрғанибет, Боранбай Алмат. 10-15 жас санаты бойынша: Дипломант - Қайролла Жарас (Қарқаралы ауданы, Аппаз ауылы), 3 орын иегері - Сайлаукен Нұрислам 30 000 тг ақшалық (Ақтоғай ауданы), 2 орын иегері - Аман Тұрсын 60 000 тг ақшалай сыйлық (Қарағанды қаласы), 1 орын иегері - Атымтай Жансұлтан 80 000 тг ақшалай сыйлық (Қарқаралы ауданы, Бақты ауылы) 16-35 жас санаты бойынша: Дипломант иегері - Аралбек Аңсар 30 000 тг ақшалай сыйлық (Шет ауданы, Мойынты кенті), 3 орын иегері - Таңатов Ислан 60 000 тг ақшалай сыйлық (Қарағанды қаласы), 2 орын иегері - Жасымхан Нұржан 80 000 тг ақшалай сыйлық (Балқаш қаласы), 1 орын иегері - Акеева Аяжан 100 000 тг ақшалай сыйлық (Қарағанды қаласы), БАС ЖҮЛДЕ иегері - Саутхан Фарида 200 000 тг ақшалай сыйлық (Бұхар-жырау ауданы, Баймырза ауылы)