Кеншілер мәдениет сарайының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 15 қазан күні, жазушы, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына арналған облыстық «Сәкен оқулары» мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ақын, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері, жалынды күрескер, заманының заңғар тұлғасы Сәкен Сейфуллиннің поэзиясын оқу, тану, білу, шығармашылық мұрасын насихаттау. Талантты қатысушыларға қолдау көрсету, оларды халыққа жеткізу. Мәнерлеп оқу өнерін насихаттап, жастардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру. Байқауға Қарағанды, Теміртау, Саран, Балқаш қалаларының және Шет, Абай, Қарқаралы, Нұра, Бұқар-Жырау аудандарының мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттерінен 50 үміткер қатысты. Байқау 1 кезеңнен тұрды. Басты шарт: қатысушы ақынның 5 шығармасын жатқа мәнерлеп оқуы тиіс. Барлық қатысушыларға және жетекшілерге алғыс хат пен кітап сыйға берілді. Қазылар алқасының шешімімен келесі үміткерлер жүлделі орындарға ие болды: 8-11 сынып оқушылары арасында: Бас жүлде – Наурызбаева Алина, Қарағанды қаласы, №61 ЖББМ оқушысы, диплом, 100 000 (жүз мың) теңге ақшалай сыйлық. 1 орын иегері – Саябекқызы Нұрсая, Шет ауданы, төменгі Қайрақты ауылы, Хасен Сәрінжіпұлы атындағы ЖББМ, диплом, 80 000 (сексен мың) теңге ақшалай сыйлық. 2 орын иегері – Қайргельдиева Наз, Қарағанды қаласы, «Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей интернаты», диплом, 60 000 (алпыс мың) теңге ақшалай сыйлық. 3 орын иегері – Амантай Таңшолпан, Шет ауданы, Ақшатау кенті, «Ш.Уәлиханов атындағы ЖББМ», диплом, 40 000 (қырық мың) теңге ақшалай сыйлық. Дипломант – Бақытбек Гауһар, Қарағанды қаласы, «Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей интернаты», диплом, 20 000 (жиырма мың) теңге ақшалай сыйлық. ЖОО оқу орын және колледж студенттері арасында: Бас жүлде – Марат Алтынай, Саран қаласы, «Абай Құнанбаев атындағы Саран Жоғары гумманитарлық – техникалық колледж», диплом, 150 000 (жүз елу мың) теңге ақшалай сыйлық. 1 орын иегері – Төкенова Сабина, Қарағанды қаласы, «Болашақ» жоғарғы колледжі», диплом, 100 000 (жүз мың) теңге ақшалай сыйлық. 2 орын иегері – Эшкулова Акшархат, Қарағанды қаласы, «Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті», диплом, 80 000 (сексен мың) теңге ақшалай сыйлық. 3 орын иегері – Ақбар Мерей, Қарағанды қаласы, «Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті», диплом, 60 000 (алпыс мың) теңге ақшалай сыйлық. Дипломант – Серікхан Сымбат, Қарағанды қаласы, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі»диплом, 30 000 (отыз мың) теңге ақшалай сыйлық.