2 қазанда Кеншілер мәдениет сарайының халықтық композиторлар клубының мүшесі, әнші, сазгер Ерслан Жакипхановтың “Сен деп соққан жүрегім…” шығармашылық кеші өтті. Театрландырылған әдеби-сазды кеш форматында өткен шарада сазгердің әртүрлі бағытта жазылған әндері шырқалды. Кеш қонақтары: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаров, AUKA, Арайлым Жүкенова, Нұрбол Темірғалиев, Сәкен Әлімханов, Сұлтан Серікұлы, “Жас толқын” вокалдық тобы, Ермек Ерқанат, “Қарқаралы” триосы, Динара Ахметжанова, Аруназ, Фатима Темірғалылар, Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББМ Жас сарбаздары және Қашағандар отбасы. Сонымен қатар, үлгілі “Жұлдыз”, “Нұрби”, “Трикси” би ансамбльдері өнер көрсетті.