2-наурыз күні  Кеншілер мәдениет сарайында «LITTLE MISS KARAGANDA – 2019» байқауы өтті. Талантты балаларды қолдау, балалар арасында шығармашылық белсенділікті дамыту, мәдениетке, өнерге баулу мақсатында өткізілген байқауға 7 жас пен 10 жас аралығында 17 бала бақтарын сынады.  Үміткерлер таныстыру  «Мен өскенде...»,  дефиле «Менің шексіз қиялым...», шығармашылық кезең  «Менің жұлдызды сағатым» сияқты байқау кезеңдері бойынша сынға түсті.


Қазылар алқасының құрамында әнші, композитор С. Әбдіғали; «Қуаныш» үлгілі би сансамблінің жетекшісі А. Тойболдина; халықаралық театр өнері байқауларының лауреаты, қала әкімінің «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты  Д. Аким; «Розовое фламинго» арт-агенттігінің басшысы  А. Лисица; әнші, «Шабыт» КМС жанындағы эстрадалық ән орындау үйірмесінің жетекшісі Е. Маханбет болды.


Қазылар алқасының шешімімен:

«Мисс Креативность» Алима Мұхамбетжанова, Айана Ахынбек

«Мисс Грация» Әсем Ермекқызы, Ирина Титина

«Мисс Очарование» Ясмина Долдаева, Эльмаз Бике

«Мисс Улыбка» Жанайым Болат, Айдана Жомартқызы

«Мисс Артистизм» Алина Ковалева, Жанерке Есенәлі

«Мисс Зрительских симпатий» Айсұлу  Асықбай

«Мисс Талант» Диляра  Оразалиева

«Юная Звезда» Маржан  Бақыт

 

«LITTLE MISS KARAGANDA – 2019» ІІІ орын Азиза Медеуқызы

 

«LITTLE MISS KARAGANDA – 2019» ІІ орын Алуа Ықылас

 

«LITTLE MISS KARAGANDA – 2019» І орын Валерия Михайловская

 

«LITTLE MISS KARAGANDA – 2019» Бас жүлде Аайдан  Асылханқызы

 

Үздік деп танылған қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан тиісті дәрежедегі дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.