10-ақпан күні Кеншілер мәдениет сарайының алаңында қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алатын ежелгі славян мерекесі Масленица мерекесі өтті. Мерекенің өтуіне Кеншілер мәдениет сарайының қолдауымен «Казачья вольница» этно-мәдени бірлесітігі мұрындық болды.


Мереке барысында жиналған көпшілік күн пішінін бейнелейтін құймақтан дәм татып, өнерпаздар би билеп, ән салып, мерекенің көркін қыздырды. Мерекелік кеште «Идэл» татар-башқұрт это-мәдени бірлестігі, «Доруле» румын этно-мәдени бірлестігі, «Ахыска» түрік этно-мәдени орталығы, «Видергербурт» неміс би театры және Кеншілер мәдениет сарайы жанындағы халықтық шахтер би ансамблінің өнерпаздары  қатысып, ұлттық өнерлерін ортаға салды.  

Аталған мерекенің негізгі шарты бойынша тұлыпты жағу рәсімі жасалды. Халықтық ойын-сауық ұйымдастырылып, жиналғандар бір-біріне риза болып тарқасты.