Байқаудың мақсаты: Қыз баланың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру. Қоғам мүшесі ретінде тұлғалық болмысын дамыту. Қазақтың салт-дәстүрі жайлы білімін шыңдау. Сондай-ақ, оларды  мейірімділікке, әдептілікке және Отансүйгіштікке баулу.


Сайысқа қатысушылар «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды...», «Жұлдызың жансын!», дефиле және зияткерлік сайысы кезеңдері бойынша сынға түсті. Сондай-ақ, байқау аясында қатысушылар қайырымдылық, танымдық, көңіл көтеру іс-шараларына қатысты. Сахна мәдениеті мен сөйлеу мәдениеті (тіл байлығы), актерлық шеберлігі, индивидтік қасиеттері, білімі, сұлулығы, қосымша іс-шаралардағы өзін-өзі көрсетуі негізінде бағаланған арулар сайысқа сақадай сай екендіктерін барынша көрсете білді.


Мәдениет және өнер саласының  майталмандары қазылық етен байқауда оза шапқандар төмендегідей:


Бас жүлде –  техника және құрылыс колледжінің студенті Ақгүл Зейнолла.

Жүлделі  бірінші орын Аружан Мәнжі.

Жүлделі  екінші орын Қарағанды экономикалық Университетінің студенті  Балжан Серікбол.

Жүлделі үшінші орын А. Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінің студенті Әлия Сайлау. 

«Көрермендер көзайымы» аталымы Қарағанды экономикалық Университетінің студенті Диана Рахметоллинаға  берілді.


Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан арулар Кеншілер мәдениет сарайы тағайындаған диплом мен арнайы сыйлық, сондай-ақ демеушілер тарапынан берілген сыйлықтарға ие болды. Ал, байқауға қатысушыларға Алғыс хат пен демеушілер тағайындаған арнайы сыйлықтар тапсырылды.