Кеншілер мәдениет сарайының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының 85 жылдғына арналған облыстық «Әнім саған, Қарағанды» атты балалар арасында эстрадалық ән орындаушыларының  байқауы өтті. Байқау өскелең ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, сондай-ақ балалардың бойындағы қабілетін көрсетуге  мүмкіндік беруді мақсат етеді.


Байқаудың шарты бойынша үміткерлер бірінші кезеңде Қарағанды қаласы, аймақ туралы  бір ән, екінші кезеңде еркін тақырыпта бір ән орындады. Үміткерлердің жас ерекшелігі 6 жас пен 17 жас аралығын қамтыды.

        
Облысымыздың әр өңірінен келген 24 өнерпаз бақ сынаған байқауда үздік шыққандар төмендегідей:

           
6-9 жас ерекшелігі бойынша жүлделі  І орын Ислам Келіс (Қарағанды),  ІІ орын иегері Айзере Базар (Шет ауданы), ІІІ орын иегері Юлия  Шарафеева (Қарағанды), дипломант  Нұржан Әділхан (Сәтбаев қаласы) иеленді.


10-13 жас аралығы бойынша І орын Кира Хабибрахманова (Абай қаласы), ІІ орын Кристина Павлишина (Қарағанды), ІІІ орын Эсмин Ерсайн (Қарағанды), дипломант атағы Арайлым Серіковаға (Қарағанды) берілді.


14-17 жас аралығы бойынша  І орын Нұрислам Бекқожа (Шет ауданы), ІІ орын Ерқайрат Бүркітбай (Қарағанды), ІІІ орын  Байсал Асқаров (Шет ауданы), диломант Еркін Тоқсанға (Ақтоғай ауданы)    табысталды.


Ал облыстық «Әнім саған, Қарағанды!» байқауының Бас жүлдесі қарағандылық Аяжан Садыханға берілді.

        
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан өнерпаздар Кеншілер мәдениет сарайы тағайындаған арнайы дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.