2020 жылдың 14 ақпанында сағат 11.00-де Кеншілер мәдениет сарайында «15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылу күніне» орай Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрметті ардагері,

«Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері, «Жартасты жастанған жасақ», «Отряд Кара-майора», «Ауылым – алтын бесігім», «Второй Мусулманский (спецназ из Казахстана)» атты кітаптарының  авторы полковник Амангелді Теміржанұлы Жантасов студенттермен кездесті.

Кездесудің басты мақсаты – Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгерлердің ерлігін, батылдығын жастарға үлгі ету.

Сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері. Бүгін де тәуелсіз еліміздің көсегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагерлерді қадірлеп-құрметтеу – біздің борышымыз.