2024 жылдың 18 қыркүйек күні опералық әнші, актриса, музыка педагогы, Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойына арналған «Ән-ғұмыр» атты танымдық сағаты өтті.
Мақсаты: Өскелең ұрпаққа Б.Төлегенованың өмірімен таныстыру, өнерін, шығармашылығын дәріптеу. Танымдық сағатқа Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Т.Н.Ыдырысов қатысып, Б.Төлегенованың өнерін жастарға таныстырып өтті. Республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты М.Буланова мен Жаңа Майқұдық мәдениет үйінің әншісі Г.Мақшонова Бибігүл Ахметқызының репертуарынан ән шырқады. Сонымен қатар, «Дарын» мәнерлеп оқу үйірмесінің қатысушылары Б.Төлегеноваға арналған өлең жолдарын оқып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
https://dkg-karaganda.kz/kz/zha-aly-tar/184-n-myr-tanymdy-sa-aty-tti.html#sigFreeId9ef525047a