2025 жылдың 18 наурызында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Кеншілер мәдениет сарайының ұйымдастыруымен, Наурызнама бағдарламасы аясында Ұлттық киім күніне арналған «NAURYZ - FASHION» этно-заманауи киімдер фестивалі өтті. Әр өңірден жиналған талантты дизайнерлер өз жұмыстарын ұсынып, этно-стильді заманауи сәнмен үйлестірудің жаңа қырларын көрсетті.
Фестивальге жергілікті және Астана, Алматы қалаларынан 9 дизайнер мен тігіншілер қатысты. Атап айтсақ:
1) Данияр Мұратқасымов, «Dastyr» бренді(Астана)
2) Аманжол Раушан, «raushan_amanzhol brand» бренді (Алматы)
3) Айдиллаева Ұлжан Байзаққызы, «Ұлжан» сән үйі
4) Жарылханова Гүлнұр, «ATELIER_GULNUR_STUDIYA» тігін студиясы
5) Федосенко Людмила Петровна, «Nuramy» компаниясы
6) Салия Бейсенова, «SaLIYA» арт студиясы
7) Дюсенбаева Арман Үмбетханқызы, «Duy.dream» ательесі
8) Индира Белғазы, «KORKEM brand» балаларға арналған заманауи тігін үйі
9) Шульц Евгения Шарафутдиновна, «Eve Art» бренді.
Фестиваль соңында барлық қатысушылар диплом, статуэтка, гүл шоғы және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
https://dkg-karaganda.kz/kz/zha-aly-tar/198-nauryz-fashion-etno-zamanaui-kiimder-festivali-tti.html#sigFreeId8d88440604